23 қазан 2021 | 13:24

АҚШ Кеннеди өліміне қатысты жаңа деректер жарияламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ билігі 15 желтоқсанда елдің 35-президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты бұрын жарияланбаған материалдардың бір бөлігін шығармақ. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ билігі 15 желтоқсанда елдің 35-президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты бұрын жарияланбаған материалдардың бір бөлігін шығармақ. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта көпшілікке жарияланбаған кез келген ақпаратты Ұлттық мұрағаттар мен құжаттама басқармасы 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін қарап, сол күні жариялауы керек", - делінген хабарламада.

Мұрағатшыға 15 желтоқсаннан кешіктірмей Кеннеди өлімі туралы жазбалардың бүкіл жинағын сандық форматқа көшіру және Интернетте орналастыру жоспарын жариялау тапсырылды.

Сонымен қатар, 1990 жылдан бері Кеннеди өлімі туралы 250 мыңнан астам жазба жарияланғаны атап өтілді. Бұл Ұлттық мұрағат және құжаттама басқармасы жинағының 90 пайыздан астамы.

Еске салайық, Америка президенті Джон Кеннеди 1963 жылы 22 қарашада Далласта атып өлтірілді. Тергеу қорытындысы бойынша, қылмысты Ли Харви Освальд жасағаны анықталды, ол жалғыз әрекет еткен.

Освальд ұсталғаннан екі күн өткен соң қаза тапты. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде Кеннедиді өлтіру кімге керек болғаны туралы көптеген теория айтылды, алайда ешқайсы ресми расталған жоқ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети