04 тамыз 2022 17:33

АҚШ Конгресі мүшесі жол апатынан қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:reuters Фото:reuters

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Джеки Валорски жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Джеки Валорски жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Индиананың солтүстігіндегі Наппани қаласына жақын маңда болған. АҚШ Конгресінің Республикалық партия мүшесі, Индиана штатының өкілі Джеки Валорски мен оның қызметкерлері отырған көлікке қарсы жолаққа шығып кеткен көлік соғылған.

Айта кетейік, 58 жастағы Джеки Валорски Конгреске сайлау науқаны кезінде қаза болды. Ақ үйде еске алу үшін жалаулар түсірілетіні айтылды.

АҚШ президенті Джо Байден Валорски екеуі әртүрлі партия өкілі болғанын және көптеген мәселе бойынша келіспейтінін, бірақ екі партияның мүшелері оны Өкілдер палатасы комитетіндегі жұмысы үшін құрметтейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети