29 сәуір 2022 08:59

АҚШ Конгресі Украинаға ленд-лиз туралы заң жобасын мақұлдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: U.S. Embassy Kyiv © Фото: U.S. Embassy Kyiv

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ленд-лиз бағдарламасы бойынша Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Gazeta.


АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ленд-лиз бағдарламасы бойынша Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Gazeta.

Украина мен Шығыс Еуропаның басқа да елдеріне қорғаныс құралдарын беру механизмін жеңілдетуді көздейтін жобаға конгрессмендердің көпшілігі дауыс берген. Сенат құжатты сәуірдің басында мақұлдаған, енді заң жобасы қол қою үшін АҚШ президенті Джо Байденге жіберіледі.

Конгресстің қос палатасы да мақұлдаған ленд-лиз туралы заң Украинаға әскери көмек көрсетуді жеңілдетуге арналған. Ол "қорғаныс техникасын беру бойынша президент өкілетіне қатысты талаптарды уақытша алып тастайды", делінген АҚШ Конгресі сайтындағы құжатта.

Соңғы рет америкалықтар бұл бағдарламаны Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес әскеріне көмектесу үшін қолданған.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Конгресске Украинаға жаңа көмек ретінде қосымша 33 миллиард доллар бөлу туралы өтініш жолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети