Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға қатысты Америкада бір топ сенатор АҚШ конгресіне Ресейге қарсы санкциялар жобасын ұсынды. Мәлімдеме сенатор Марко Рубионың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға қатысты Америкада бір топ сенатор АҚШ конгресіне Ресейге қарсы санкциялар жобасын ұсынды. Мәлімдеме сенатор Марко Рубионың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Демократтар Крис Кунс, Бен Кардин, Крис Ван Холлен, Дик Дурбин және республикашылдар Митт Ромни, Марко Рубио "зиян әрекеттері" үшін жауапқа тарту көзделген екіжақты заң жобасын ұсынды.
"Сенаторлар халықаралық құқықтың бұзылуына, соның ішінде оппозициялық көшбасшы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді Алексей Навальныйдың улануына және түрмеге түсуіне қатысы бар ресейлік шенеуніктерге қарсты санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын қайта енгізді", - делінген хабарламада.
Сенаторлар Ресей билігіне қарсы 2020 жылдың қыркүйегінде санкция жобасын енгізуді ұсынған. Құжатта нақты адамдардың аты-жөні мен лауазымы көрсетілмеген. Заң жобасындағы санкциялардың ішінде активтердің тоқтатылуы және виза беруден бас тарту көрсетілген.
Сондай-ақ, құжат АҚШ әкімшілігіне Ресей билігінің химиялық және биологиялық қаруды қолдануға тыйым салу туралы халықаралық келісімді бұзғанын анықтап, Ресей президенті Владимир Путиннің және оның "жақтастарының" қаржылық істері туралы есеп беруді ұсынды.
Айта кетейік, сот үкімін жариялағаннан кейін бірқатар батыс саясаткері Навальныйды босатуды талап етті. Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Австрия канцлері Себастьян Курц және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
Сондай-ақ, Навальныйдың ағасын 23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуға итермелеу туралы қылмыстық бап бойынша айыпталды. Оппозициялық саясаткердің тағы бірнеше серіктесі үй қамауына алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!