АҚШ Мексикамен шекараны қорғау үшін робот иттерді сынап жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
dhs.gov dhs.gov

АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің (DHS) ғылым және технологиялар басқармасы Мексикамен шекараны күзету үшін Ghost Robots фирмасының төрт аяқты робот иттерін сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DHS сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің (DHS) ғылым және технологиялар басқармасы Мексикамен шекараны күзету үшін Ghost Robots фирмасының төрт аяқты робот иттерін сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DHS сайтына сілтеме жасап.

Robots Ghost Robots Q-UGV  ең алдымен, кеден және шекара қызметі агенттерінің көмекшісі болады, өйткені олар сынақтың барлық кезеңін сәтті өтіп жатыр. Олар адамдар үшін қауіпті аймақтарда – таулы және шөлді аймақтарда, Эль-Пасо сияқты температура өте жоғары жерлерде патрульдік қызмет етеді деген жоспар бар. Робот иттер контрабандашыларды, заңсыз иммигранттарды, қылмыскерлер мен есірткі тасымалдаушыларын анықтауға көмектеседі.

"Американың оңтүстік-батысы - шекараны бақылау үшін қауіпті, экстремал, экологиялық қауіптерді біріктіретін аймақ. Сондықтан робот иттер ол жерде жақсы жұмыс істей алады. Еліміздің қауіпсіздігін бақылау маңызды", - деді бағдарлама менеджері Бренда Лонг.

Q-UGV 360 камерасымен, тепловизормен, түнде көру құралымен, масштабтау камерасымен және әртүрлі сенсормен жабдықталған. Роботтың тұрақтылығы мен ұтқырлығы үшін төрт аяқтың әрқайсының кез келген қозғалысын секундына 2000 рет есептейтін бағдарлама қамтамасыз етілген.

Шекарада роботтарды орналастырудың нақты уақыты әлі белгісіз, қазір олар нақты патрульдік сценарийдің сынақтарын аяқтап жатыр.

Айта кетейік, Ghost Robots компаниясының Q-UGV роботтары дизайн жағынан Boston Dynamics компаниясының Spot роботтарына ұқсас. Екеуі де әскерилер тарапынан сынақтан өтті, ал Q-UGV-ді АҚШ армиясы, әуе күштері және теңіз жаяу әскерлері сатып алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro