АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
al.usembassy.gov al.usembassy.gov

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға іссапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға іссапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ мемлекеттік департаменті Дональд Лу 23-27 мамырда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға баратын АҚШ делегациясын басқаратынын хабарлады. Бұл делегация АҚШ-тың Орта Азия елдерімен қарым-қатынасын нығайту, өзара байланысты, гүлденген және қауіпсіз орталық құру, бірлескен күш-жігерді дамыту мақсатын көздейді. 

Делегация құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің аға директоры Эрик Грин, АҚШ-тың Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, Халықаралық даму агенттігінің Азия бойынша бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ Қаржы Корпорациясы аппараты басшысының халықаралық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Наз Эль-Хатиб кіреді.

Делегация Қазақстанда Қазақстандағы реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шараларды талқылау үшін жоғары лауазымды ресми тұлғалармен және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесу өткізген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro