АҚШ өкілі "Талибан" жетекшісімен жасырын кездесті - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ өкілі "Талибан" жетекшісімен жасырын кездесті - БАҚ Абдул Ғани Барадар, Уильям Бернс. Фото ©REUTERS

АҚШ Орталық барлау агенттігінің (Central Intelligence Agency) директоры "Талибан" қозғалысының жетекшісімен жасырын кездесу өткізді (Жоғарғы сот шешімімен Қазақстанда тыйым салынған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Орталық барлау агенттігінің (Central Intelligence Agency) директоры "Талибан" қозғалысының жетекшісімен жасырын кездесу өткізді (Жоғарғы сот шешімімен Қазақстанда тыйым салынған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Конгресстегі дереккөз Reuters агенттігіне берген сұхбатында президент Джо Байден CIA басшысы Уильям Бернсті 23 тамызда Кабулға "Талибан" басшысы Абдул Ғани Барадармен кездесуге жібергені айтылған.

Дереккөз мәліметінше, Бернс пен Барадар 31 тамызда АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығару мерзімін талқылаған. CIA бастығы сейсенбіде конгрестің сайланған мүшелері, соның ішінде барлау комитеті мүшелерімен кездесуді талқылайды.

Бұл ретте тараптардың ешқайсысы CIA бастығы мен молда Барадар кездескені туралы ақпаратты растаған жоқ. Егер ақпарат расталса, бұл АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері мен "Талибан" көшбасшысы арасындағы осындай деңгейдегі алғашқы диалог болады.

Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден 31 тамызды 2001 жылдан бері Ауғанстанда жүрген әскерді толық шығарудың соңғы мерзімі деп тағайындады. "Талибан" қозғалысының өкілі Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскерін шығарудың соңғы күні екенін айтты. АҚШ одақтастары, оның ішінде Ұлыбритания да мерзімнің ұзартылуын қалайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети