Бейжің мен Вашингтон "қырғи қабақ соғыстың" бастапқы кезеңінде тұр. Бұл туралы Der Spiegel неміс журналы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейжің мен Вашингтон "қырғи қабақ соғыстың" бастапқы кезеңінде тұр. Бұл туралы Der Spiegel неміс журналы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мақаланы ИноТВ сайты аударған.
Der Spiegel неміс журналы мақаланы Германия үкіметіндегі трансатлантикалық қатынастар жөніндегі үйлестіруші Питер Байердің пікіріне сілтеме жасай отырып жариялаған.
Неміс дипломатының пікірінше, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы - жүзжылдықтың тағдырын шешеді.
Германия үкіметінің өкілі 3 қарашада АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңіске жетсе де, Еуропа "АҚШ-пен серіктестікте осы сын-қатерге бейімделуі керек" деп санайды.
Байер Дональд Трамптың қарсыласы демократ Джо Байден де "Қытайға қатысты қатаң саясат жүргізуге" ниет білдіргенін айтты.
Осыған байланысты дипломат "қиялдағы ескірген трансатлантикалық құндылықтар" түсінігін еске алуға шақырды. Бұл ретте ол ең алдымен "бостандық пен демократия, бейбітшілік пен әл-ауқат" туралы ойлайтынын айтты. "Америкалықтар бұл құндылықтарды немістерге әкелді" және "АҚШ-пен қарқынды серіктестік" осы құндылық негізінде жалғасуы керек дейді Питер Байер.
Сонымен қатар, ол Еуропалық Одақты бірлікке шақырды. Оның пікірінше, Еуропа "жоғарыда аталған құндылықтар негізінде нені құруға болатынын, оның ішінде қарсылас Қытай мен Ресейді назарға алу керек".
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!