АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцина қашан жасалатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцина қашан жасалатынын айтты Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 вирусына қарсы вакцина жылдың аяғына дейін жасалатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 вирусына қарсы вакцина жылдың аяғына дейін жасалатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Менің ойымша, бізде вакцина осы жылдың аяғына дейін болуы керек", - дейді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.

Мемлекет басшысы мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау үшін бар күшін салып, жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың Аллергия және инфекция ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи COVID-19 вирусына қарсы вакцина 2021 жылдың қаңтарында жасалатынын айтқан болатын.

Соңғы мәліметке сәйкес, АҚШ-та 1,15 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, ал 67,4 мың адам аурудан көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети