АҚШ президенті Сәуле Омарованың жоғары лауазымнан бас тартуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ Банк реттеушісі басқармасының басшысы қызметінен бас тартуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ Банк реттеушісі басқармасының басшысы қызметінен бас тартуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Америка басшысы өз мәлімдемесінде Омарова АҚШ Қаржы министрлігі жұмысына баға жетпес жаңашылдық әкеле алатынын айтты. Байден Омарова Америка Құрама Штаттарына келгенге дейін Кеңес өкіметі билігінде өмір сүргені, сол кезде оның америкалық болу арманы болғанын білдіретінін және Америкаға көшу арқылы оны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.

"Тұтынушылар мүддесінің күшті жақтаушысы және қаржы жүйеміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының сенімді қорғаушысы ретінде Сәуле америкалықтардың атынан маңызды жұмысымызға баға жетпес көзқарас пен перспектива әкеле алар еді", - деді ол.

Сонымен қатар, Байден Омарова көп шабуылға ұшырағанын атап өтті.

"Өкінішке қарай, оның кандидатурасы басталғаннан Сәуле шабуылдарға ұшырады. Мен төраға Браунға әділ таңдау жасағаны үшін және Омароваға біліктілігін көрсету мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын", - деп түйіндеді Байден.

Қаржы министрлігінің Валюталық бақылау басқармасы федерал банк жүйесіндегі 1200-ге жуық ұлттық банктерді қадағалайтын және реттейтін негізгі агенттік саналады.

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.34  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro