11 ақпан 2019 09:33

АҚШ президенттігіне үміткер Трамп келесі сайлауға дейін түрмеге қамалады деп болжам айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Элизабет Уоррен. Фото: ©Reuters Элизабет Уоррен. Фото: ©Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі президент сайлауына дейін, яғни 2020 жылға таман түрмеге қамалуы мүмкін. Мүндай пікірді Массачусетс штатынан шыққан сенатор-демократ әрі АҚШ президенттігіне үміткер Элизабет Уоррен айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"2020 жылға жеткенше Дональд Трамп президент болмауы да мүмкін. Ол шындығында бостандығынан да айырылуы мүмкін", - деп келтіреді Уорреннің сөзін CNN телеарнасы. 

Сенатордың айтуынша, Трамп күн сайын нәсілшілдікті немесе жеккөрушілікті қоздыратын твиттер жариялайды, оның жазбалары "арам пиғылды әрі ұсқынсыз". Ол баспасөзді және өзге үміткерлерді қақпанға түспей, Трамптың әрбір әрекетін назарға ала бермеуге шақырды. 

Сенбіде Уоррен өз кандидатурасын ұсынып, президенттік додаға ресми түрде кірісіп кеткен еді.

Айта кетейік, Трамп көп жылдан бері Уорренді үндіс ханшасының атымен және диснейлік Покахонтас мультфильмінің кейіпкерінің атауымен атап, мұқатып келген.

АҚШ президентінің сайлауы 2020 жылы қарашада өтеді. Дональд Трамп Республикалық партия атынан екінші мерзімге сайлануға ниетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети