АҚШ Путиннің қыздарына санкция салды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Путиннің қыздарына санкция салды © Reuters

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

Санкциялар Ресей басшылығына және олардың отбасына, оның ішінде, Ресей президенті Владимир Путиннің қыздарына, сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың әйелі мен қызына, сондай-ақ Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне, оның ішінде бұрынғы президент Дмитрий Медведев пен премьер-министр Михаил Мишустинге қатысты болады.

Ресейдегі ең ірі қаржы институттары Сбер мен Альфа-банк те санкцияға ұшырады. Олардың АҚШ қаржы жүйесіне қатысты барлық активі бұғатталады. Енді америкалық компаниялар мен азаматтарға олармен бизнес жасауға тыйым салынады.

"Осы бір жыл ішінде біздің санкциялар Ресей экономикасы соңғы 15 жылда қосқанының бәрінен айырады. Өйткені Ресейді жартылай өткізгіштерді, квант технологияға арналған құрамдастарды импорттау, Интернет транзакцияларын қауіпсіз кодтау сияқты технологиялардан, ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін қажет нәрсенің бәрінен ажыраттық. Біз Ресей экономикасының алдағы жылдарға өсу мүмкіндігіне тосқауыл қоямыз", - деді Байден.

"Біз еуропалық одақтастарымызбен бірлесе отырып, ресейлік элита саналатындардың аты-жөні мен олардың отбасы мүшелерінің аты-жөнін қамтитын тізім жасап жатырмыз. Олар санкцияға ілінеді. Осы олигархтар жымқырған орасан зор ақшаны елестетіп көріңізші. Олардың яхталары жүздеген миллион доллар тұрады. Бұл олигархтар мен олардың отбасы мүшелері бұдан былай капиталдарын Еуропа мен АҚШ-та сақтай алмайды және яхта, сәнді вилласын қолдана алмайды. Біз Украинаны.... украиндарды өз елін қорғауға қажет қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз", - деді Америка президенті.

Сарапшылар Батыс енгізген шаралар нәтижесі биыл Ресей экономикасы көлемін 15 пайызға қысқартады деп болжап отыр. Батыс сарапшыларының пікірінше, бұл санкциялар салдарынан Ресей экономикасы үлкен держава мәртебесінен айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети