05 сәуір 2022 09:47

АҚШ Ресейді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығаруды талап етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

АҚШ Ресейді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығаруға қолжеткізуге ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ Ресейді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығаруға қолжеткізуге ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Линда Томас-Гринфилд Америка Құрама Штаттары Ресей Федерациясын БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығару туралы үндеумен ұйымның Бас Ассамблеясына жүгінетінін айтты.

"Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысуы - фарс. Бұл дұрыс емес, сондықтан біз БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беретін уақыт келді деп санаймыз. Батылдықпен бірге тұрған 140 елге жолдауым: Бучадағы бейнелер мен Украинадағы қираулар енді сөзіміздің іс-әрекетімізбен сәйкес болуын талап етеді", - деді ол дүйсенбіде Бухарестте сөйлеген сөзінде.

Reuters мәліметінше, мұндай шешім қабылдау үшін 193 мемлекеттен құралған БҰҰ Бас Ассамблеясына мүше елдердің үштен екісінің дауысы қажет болады.
 
Ресей 1991 жылдың 24 желтоқсанынан бастап КСРО-ның ізбасары ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің "вето құқығы" бар.

Еске салайық, Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері 24 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейден Украинада күш қолдануды тоқтатып, әскерлерін шығаруды талап ететін екі қарар қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети