АҚШ ресейлік әуекомпанияларына әуе кеңістігін жабады - Байден

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ ресейлік әуекомпанияларына әуе кеңістігін жабады - Байден ©REUTERS

АҚШ үкіметі Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты ресейлік әуекомпанияларына әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ үкіметі Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты ресейлік әуекомпанияларына әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы президент Джо Байден "елдің жағдайы туралы" конгреске жолдаған үндеуінде мәлімдеді (State of the Union), ол үндеу Америка басшысының Twitter-дегі парақшасында жүргізілді.

"Бүгін мен одақтастарымызға Ресейдің барлық рейстеріне америкалық әуе кеңістігін жауып, Ресейді одан ары оқшаулап, олардың экономикасына қосымша қысым жасайтынымызды жариялаймын", - деді Байден.

Бұған қоса, Байден АҚШ әскері Украинадағы ресейлік тараппен қақтығысқа қатыспайтынын айтты.

"Ашық айтайын: біздің әскер Украинадағы ресейлік күштермен қақтығысқа қатысқан жоқ және қатыспайды да", - деді Ақ үй басшысы.

Ол америкалық әскер Еуропаға Украинада соғысу үшін емес, Путин Батысқа жылжуды жалғастыра беретін болса, НАТО-дағы одақтастарын қорғау үшін орналастырылғанын айтты.

"НАТО елдерін, соның ішінде Польша, Румыния, Латвия, Литва және Эстонияны қорғау үшін америкалық құрлық күштерін, әуе эскадрильяларын, әскери-теңіз күштерін жұмылдырдық", - деп қосты Америка президенті.

Ол АҚШ Әділет министрлігі ресейлік олигархтардың қылмыстарын тергеу үшін арнайы жұмыс тобын құрып жатқанын баса айтты.

"Біз еуропалық одақтастарымызға олардың яхталарын, сәнді пәтерлерін, жеке ұшақтарын тауып, тәркілеу үшін көмектесеміз", - деді Байден.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети