20 наурыз 2014 | 11:07

АҚШ Ресеймен соғысуға мүдделі емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz иллюстрациясы tengrinews.kz иллюстрациясы

Барак Обама Украинадағы ахуалға АҚШ-тың әскери жолмен араласатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. "Біз Украинадағы әскери сценарийге араласуға мүдделі емеспіз...Бұдан басқа да жол бар ғой. Меніңше, АҚШ пен Ресей арасындағы әскери теке-тірес орынсыз болатын еді. Украина үшін оның ешбір пайдасы жоқ. Оны украин халқы да жақсы түсініп отыр", - деді Б.Обама NBC телеарнасына берген сұхбатында. АҚШ президенті атап көрсеткендей, Вашингтон Украина мәселесін әскери жолмен шешуді қарастырып отырған жоқ. Алайда Ақ үй Ресейге қатысты қосымша экономикалық санкцияларды қолдануға даяр. Айта кеткен жөн, Украина құрамында болған Қырым тәуелсіз республика ретінде бөлініп, Ресей Федерациясына кіргеннен кейін АҚШ президенті Б.Обама Еуропа арқылы бірқатар экономикалық санкциялардың енгізілетіні жайында мәлімдеді. Алайда әзірше кейбір ресейлік шенеуніктердің есеп-шоттарын тұсаулап тастағаннан басқа ешқандай шара қолданылмады. Ресей болса, қандай да бір санкциялардың бумеранг ұқсап Еуропа мен АҚШ-тың өзіне кері әсер тигізеді деп отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети