АҚШ Роман Абрамовичтің ұшақтарын тәркілеуге ордер берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Роман Абрамовичтің ұшақтарын тәркілеуге ордер берді ©REUTERS

АҚШ ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің құны 400 миллион доллардан асатын екі ұшағын тәркілеуге ордер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің құны 400 миллион доллардан асатын екі ұшағын тәркілеуге ордер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Сайтта АҚШ соты Абрамовичке тиесілі Boeing 787-8 және Gulfstream G650ER ұшағын тәркілеуге ордер шығарғаны, сот шешіміне сәйкес, ұшақтар Экспорттық бақылау реформасы туралы заңның (ECRA) бұзылуы салдарынан және Ресейге қарсы жақында салынған санкциялар негізінде тәркіленуі керек екені жазылған.

Boeing 787-8 / © АҚШ Әділет министрлігі

Ведомство мәліметінше, ақпанда Абрамович өз балаларын Boeing 787-8 және Gulfstream G650ER ұшағына иелік ететін бірқатар ұйымның бенефициарлары ретінде тіркеген.

Gulfstream G650ER/ © АҚШ Әділет министрлігі

Алайда, шын мәнінде ол ұшақтарды өзі қолданған. Осыған байланысты прокуратура ұшақтарды тәркілеуді көздеп санкция берген. ФБР мәліметінше, бүгінде Boeing Дубайда, ал Gulfstream Мәскеуде.

Айта кетейік, Абрамовичтің өзіне АҚШ-та ешқандай санкция салынбаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети