09 наурыз 2022 09:03

АҚШ Сенаты Украинада биологиялық зертханалар барын мойындады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд АҚШ Сенатының сыртқы істер комитетіндегі тыңдауда Украинада зерттеу жүргізілетін биологиялық зертханалар барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд АҚШ Сенатының сыртқы істер комитетіндегі тыңдауда Украинада зерттеу жүргізілетін биологиялық зертханалар барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нуландтың айтуынша, АҚШ бұл нысандардың Ресей әскерінің бақылауына өтіп кетпеуіне жол бермеуге тырысып жатыр.

"Украинада биологиялық зерттеу нысандары бар, қазір Ресей әскери күштері оларды бақылауға алуы мүмкін екеніне алаңдап отырмыз. Сондықтан украиналықтармен бірге осы зерттеу материалдарының Ресей күштерінің қолына өтуіне жол бермеу үшін жұмыс істейміз", - деді Нуланд.

Украинада биологиялық немесе химиялық қаруға байланысты болған қандай да бір оқиға үшін жауапкершілікті Ресей ала ма деген сұраққа Нуланд оң жауап берді.

Бірқатар БАҚ 7 наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада Пентагон бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін 30-дан аса биологиялық зертханалар желісін құру туралы айтқанын хабарлады. Оларды ғылыми-зерттеу және санитария-эпидемиологиялық деп бөлуге болады. Жүргізілетін жұмыстардың тапсырыс берушісі - АҚШ Қорғаныс министрлігінің әскери қауіпті азайту жөніндегі басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети