АҚШ Сириядағы азаматтарына жасалған кез келген қоқан-лоқыға қарсы "өз жауабын" беретін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА.Новости сайтына сілтеме жасап.
АҚШ Сириядағы азаматтарына жасалған кез келген қоқан-лоқыға қарсы "өз жауабын" беретін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА.Новости сайтына сілтеме жасап.
"Егер де америкалықтарға қарсы қоқан-лоқы әрекеттерді байқасақ, біз оларға қарсы тойтарыс беруге дайынбыз. Егер Сіздер америкалықтарға қарсы бір қадам жасасаңыздар, ондай қадамды америкалықтар Сіздерге қарсы жасайтын болады" - дейді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік әкімшілігінің кеңесшісі Бен Родс.
Екі аптадан бері АҚШ әскерилерінің бақылауындағы Ирак пен Сирия аумағындағы нысандар "Ислам мемлекеті" (ИГ, ISIS) ланкестік топтарының шабуылының астында қалып отыр. Ирактың солтүстігіндегі бұл шабуылдар АҚШ-тың жоғарғы деңгейлі шенеунігінің Сирия аумағындағы әскерилерге қатысты маңызды жоспарына байланысты туындап отыруы мүмкін, - деп жазады агенттік.
Осы аптада ғаламторда америкалық журналист Джеймс Фоулиді өлтірген видео-жазба жарияланды. Сондай-ақ, тағы да бір америкалық журналист Стивен Сотлофф өзінің өмірі Вашингтонның шешіміне байланысты екенін айтқан жазба тарады.
АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбі күні АҚШ ланкестік топтармен күресін тоқтатпайтынын мәлімдеді. Бейсенбі күні АҚШ билігі Сирия аумағында әскери іс-қимылдар бастау жайында талқылау өткізді. АҚШ басқарма штабы бірлескен комитетінің төрағасы, генерал Мартин Сирия аумағындағы топтарға лайық жауап бермей, "Ислам мемлекетін" жеңе алмаймыз, - деп мәлімдеді.