АҚШ-та афроамерикалық жігіттің өлімі халықтың ашуын тудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та афроамерикалық жігіттің өлімі халықтың ашуын тудырды Фото: twitter.com/ultras_antifaa

Миннеаполис қаласында 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын тудырды. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миннеаполис қаласында 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын тудырды. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған.

Fox News басылымының хабарлауынша, жергілікті полиция бөліміне азық-түлік дүкенінен жалған чек жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері күдікті көлікте отырған деген мәлімет алған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар күдіктіден автокөліктен шығуды талап етіпті. Алайда ол полицияға қарсылық көрсеткен.

"Офицерлер күдіктінің қолына кісен таққан. Алайда олар жігіттің денсаулығында ақауы бар екенін байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған", - делінген ресми есепте.

Алайда желідегі куәгерлер жариялаған видеодан афроамерикалық жігіттің жерде жатқанын көруге болады. Оның жанында полиция көлігі болған. Күдікті тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Алайда полиция қызметкерінің бірі жігіттің мойнын тізесімен басып тұншықтарған.

"Мен демала алмай жатырмын", "Өтініп сұраймын, мені өлтірмеңіздерші", - деп күдікті бірнеше рет көмек сұрап, есінен танып қалыпты. Кейін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Қайтыс болған афроамерикалық жігіттің есімі - Джордж Флойд.

Ол 46 жаста. Мейрамханада күзетші болыпты жұмыс істепті. Жергілікті полиция мәлімдеуінше, ол азық-түлік дүкенінде 20 долларға жалған чек жасады деген күдікке ілінген.

Қоғамның ашуын тудырған іске АҚШ-тың федералды тергеу бюросы назарын аударған. Олар қызметтік өкілін асыра пайдаланған полиция қызметкерлерінің ісін тергеуді бастады.

АҚШ президенті Дональд Трамп қайтыс болған жігіттің отбасына көңілді айтып, құзырлы органға істі тезірек ашуды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети