АҚШ-та афроамерикалықты тұншықтырған полицейлер жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та афроамерикалықты тұншықтырған полицейлер жұмыстан шеттетілді Фото @ajplus

АҚШ-та афроамерикалық Даниэль Прудты қаппен тұншықтырған полицейлер жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та афроамерикалық Даниэль Прудты қаппен тұншықтырған полицейлер жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Нью-Йорк штатында полицейлер Прудтың басына қап кигізіп, асфальтқа тақап екі минут тұрғаннан кейін қайтыс болғаны хабарланды.

"Мен қалалық кеңестің ұсынымына қарамастан бұл полицейлерді жұмыстан шеттетемін және бас прокурорды (Нью-Йорк штатының - ред.) тергеуді аяқтауға шақырамын. Полиция кәсіподағы мені сотқа бере алатынын түсінемін, бұл - олардың құқығы", - деді қала мэрі Лавли Уоррен брифинг кезінде.

Жергілікті Rochester First телеарнасы жеті полицейдің қызметтен шеттетілгенін хабарлады.

Монро округінің сот-мединица сараптамасы механикалық асфиксия (тұншығу - ред.) туындатқан және салдаранын Пруд қайтыс болған, яғни өлтірілген деген шешім шығарды. Сондай-ақ оның психикалық ауытқуы және улануы жағдайының ушығуына әкеп соққан.

Еске салайық, бұл оқиға 23 наурызда Рочестерде болған. Куәгерлер психикалық ауытқуы бар Даниэл Пруд көшеде жалаңаш жүгіргенін және коронавирус жұқтырғанын айтып айғайлағанын айтты.

Офицер Марко Вон оны тоқтатқан және қолын төмен түсіріп, жерге жат деген бұйрық береді. Пруд орындайды. Ұстап жатқан кезде ол түкіріп, қарсылық білдіргені хабарланды. Оны тоқтату үшін басына қап кигізген. Ол полицейлерден қару сұраған және орнынан тұрғысы келген. Бірақ офицерлердің біреуі басын асфальтқа тақайды, тағы біреуі арқасына тізесін қояды. Бірнеше минуттан кейін Пруд қимылдамай қалады. Дәрігерлер бірден ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызады. Бірақ апта өткеннен кейін Пруд қайтыс болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети