АҚШ-та атыс болды: 12 адам жарақат алып, екеуі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та атыс болды: 12 адам жарақат алып, екеуі қаза тапты

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты Шарлотт қаласында атыс шығып, екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты Шарлотт қаласында атыс шығып, екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости.

WBTV жергілікті телеарнаның мәліметінше, бұл оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Полиция басқармасындағыларға көлік жүргізушінің бір адамды қағып кеткені туралы хабарланған. Оқиға орнына барған полицейлер көшеде жүздеген адамның жүргенін көрген. Сол сәтте атыс басталған.

Полиция мәліметінше, атыстан екі адам қаза тауып, жеті адам ауруханаға жеткізілген. Әзірше ешкімді ұстамаған. Кейінірек тағы бес адамның жарақат алғаны хабарланған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханадағылардың жағдайы ауыр.

Ал куәгерлердің сөзіне қарағанда, жиналған халық Juneteenth мейрамын (құлдарды босату күні) тойлаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети