17 наурыз 2021 | 16:53

АҚШ-та Байден мен Гейтстің Twitter-парақшаларын бұзған жасөспірім сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wfla.com видеосынан алынған кадр © wfla.com видеосынан алынған кадр

Бірнеше Twitter-парақшаны бұзған жасөспірім хакер кәмелетке толмағандарға арналған колонияға үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше Twitter-парақшаны бұзған жасөспірім хакер кәмелетке толмағандарға арналған колонияға үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Грэм Иван Кларк серіктестерімен бірге адамдарды алдау арқылы биткоин алу үшін 130 танымал компания мен жеке тұлғаның Twitter-парақшасын бұзған. 2020 жылдың 15 шілдесінде Twitter-дегі бұзақылықтың құрбаны болғандар қатарында Барак Обама, Джо Байден, Билл Гейтс, Илон Маск, Джефф Безос және Канье Уэст бар. 

Олар Apple мен Uber-ге тиесілі сайттарды да бұзды. Кейін Кларк барлығының атынан қолданушыларға сандық валютадағы жинақтарын екі есе көбейтуге уәде беретін әйгілі алаяқтық схеманы жариялай бастаған. 

Тергеу мәліметтері бойынша, жасөспірім криптовалютада 180 мың доллардан (шамамен 75 миллион теңге) аса сомаға биткоин алған. Кейін бұл схема анықталып, жабылды.

Флорида штатының прокуратурасы жасөспірімге қатысты 30 іс қозғады. Қылмыс кезінде Кларк 17 жаста болған. Бұл жазаны жеңілдетуге көмектесті. Бапта қарастырылған ең төменгі жаза - 10 жылға бас бостандығынан айыру. Кларк болса 3 жылға сотталды. Түрмеде жазасын өтеуден бөлек, жасөспірім өзінің барлық есептік жазбасын тапсыру керек. Сондай-ақ, Кларк компьютерді тек бақылауда қолдана алады.

Twitter басшылығы бұл шабуылға қатысты ішкі тергеу жүргізіп, хакерлер телефон арқылы алдау әдісін қолданғанын анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети