Джорджия штатының Атланта қаласына жақын жерде биологиялық зертханада шықан ірі өртке байланысты аймақтағы ауа сапасы нашарлады. Жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары шұғыл эвакуацияланып жатыр, көлік қозғалысы жабылды, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox5 сайтына сілтеме жасап.

17 000-ға жуық тұрғын эвакуацияланған, көпшілігі үйде отыруға мәжбүр болды. Атлантадағы оқу орындары жабылып, қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды.
Округта "панада қалу" режимін жариялады.
Жексенбіде таңертең биологиялық зертханада өрт шығып, ауаға химиялық заттар тараған. Шенеуніктер нысандағы түтіннің тарауына бірнеше күн кетуі мүмкін дейді.
Шенеуніктер ауаға тараған заттардың құрамы әлі зерттелмегенін айтып, химиялық заттар туралы айтудан бас тартты. Дегенмен, биолабораториялық кәсіпорында бактериялар мен балдырларды жоюға арналған хлор негізіндегі өнімдер шығарылғаны белгілі.
Өрттің нақты себебі әлі зерттеліп жатыр, бірақ өрт сөндіру бөлімінің басшысы баспасөз мәслихатында спринклер жүйесі, содан кейін өртсөндірушілер оған су құйып, химиялық реакцияны күшейткен болуы мүмкін екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!