АҚШ-та Black Lives Matter қатысушылары сайлауға байланысты митингіге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та Black Lives Matter қатысушылары сайлауға байланысты митингіге шықты © Reuters

АҚШ-та президент сайлауына байланысты наразылық шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та президент сайлауына байланысты наразылық шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Манхеттенде 5 қарашада (Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қараша) Black Lives Matter қозғалысының жүздеген жақтасы алаңға шықты. Олармен полиция велосипедпен және баспасөз өкілдері ертіп жүрді.

Митингіде Дональд Трамптың жақтастары "наразылық білдірген BLM-ның көптеген адамын өлтірді" деген мәлімдемелер болды. РИА Новости хабарлауынша, бағанадан Трамп пен полиция атына қорлау сөздер айтылған.

Алдымен демонстрация бейбіт түрде өтті. Алайда кейінірек тұтқындаулар басталғаны белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, мұның бәрі полиция қызметкерлерінің бірі өзін телефонға түсірмеуін сұрап, құрылғыны итеріп жібергеннен кейін басталған. Кейін наразылық білдіруші құқық қорғау өкілін смартфонмен ұрып жіберген-мыс. Осылайша жағдай күрт шиеленісіп, шеруге қосымша тәртіп сақшылары тартылған. 

Ақпарат бойынша, жақында бұл топ Юнион-сквер паркінде тоқтады. Митинг бейбіт түрде өтіп жатыр. 

Осы уақытта Fox News телеарнасының хабарлауынша, Пенсильваниядағы көрсеткіш бойынша Джо Байденге берілген дауыстар саны 0,8 пайызға артқан. Телеарна есептелген дауыстардың 90 пайызының негізінде мынадай болжам келтірді: қазіргі уақытта Трампта 49,8 пайыз, оның қарсыласы Байденде 49 пайыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети