АҚШ-тың Денвер қаласының маңындағы мектепте болған атыстан кейін сегіз адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CBS телеарнасына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Денвер қаласының маңындағы мектепте болған атыстан кейін сегіз адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CBS телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Хайлендс Рэнч ауданындағы STEM оқу орнында болған. Округ шерифі Дуглас Тони Сперлоктың айтуынша, бірнеше оқушының жағдайы ауыр. Ол екі күдікті құрықталғанын хабарлады. Олар да оқушы екен.
Little kids are coming out in a. Single file line! pic.twitter.com/3Y9oXqiLfr
— Shreya Nallapati (@ShreyaNallapati) May 7, 2019
Оқу орнында үшінші қылмыскер болуы мүмкін деген күдік бар. Оқушылардың барлығы автобуспен мектептен тысқары жерге апарылды.
2018 жылдың наурызында Флорида штатының сенаты жергілікті мектептердің бірінде болған атыстан кейін мектептердегі қауіпсіздік жөніндегі құжат бекіткен. Ол кезде 17 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алған.