08 мамыр 2019 09:21

АҚШ-та болған атыстан кейін 8 оқушы ауруханаға жеткізілді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Денвер қаласының маңындағы мектепте болған атыстан кейін сегіз адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CBS телеарнасына сілтеме жасап. 


АҚШ-тың Денвер қаласының маңындағы мектепте болған атыстан кейін сегіз адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CBS телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Хайлендс Рэнч ауданындағы STEM оқу орнында болған. Округ шерифі Дуглас Тони Сперлоктың айтуынша, бірнеше оқушының жағдайы ауыр. Ол екі күдікті құрықталғанын хабарлады. Олар да оқушы екен.

Оқу орнында үшінші қылмыскер болуы мүмкін деген күдік бар. Оқушылардың барлығы автобуспен мектептен тысқары жерге апарылды. 

2018 жылдың наурызында Флорида штатының сенаты жергілікті мектептердің бірінде болған атыстан кейін мектептердегі қауіпсіздік жөніндегі құжат бекіткен. Ол кезде 17 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети