Виргиния штатындағы Фэрфакса қаласында жол жаппай опырылып қалды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі ABC News кадрларына сілтеме жасап.
Виргиния штатындағы Фэрфакса қаласында жол жаппай опырылып қалды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі ABC News кадрларына сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, жол 10 ақпан күні жердің астына опырылып түскен.
"Алдымен кішкене шұңқыр пайда болыпты, кейін оның ұзындығы 30 метрге, ені 7,5 метрге дейін ұлғайған. Қазіргі таңда билік осы жағдайға қатысты жұмыс істеп жатыр", - делінген жарияланымда.
Twitter желісінде жарияланған видеодан жолдың қоршалып, трактордың жұмыс істеп жатқанын көруге болады.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Authorities respond to a massive sinkhole that formed on a residential street in Fairfax, Virginia. https://t.co/bpBRdIzjh8 pic.twitter.com/vILFlwmhyY
— ABC News (@ABC) 11 февраля 2018 г.