АҚШ-та COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа мәлімет бар - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа мәлімет бар - БАҚ Фото: elements.envato.com

Америкалық барлау қызметкерлері Ақ үйге коронавирустың шығу тегі туралы қосымша компьютерлік талдауды қажет ететін әлі тексерілмеген мәлімет бар екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық барлау қызметкерлері Ақ үйге коронавирустың шығу тегі туралы қосымша компьютерлік талдауды қажет ететін әлі тексерілмеген мәлімет бар екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

New York Times газеті мәліметіне сүйенсек, қандай деректер туралы айтылғаны нақтыланбаған. Сонымен қатыр, ақпарат көздерінің айтуынша, барлау қызметкерлері вирустың пайда болуын анықтау үшін "үлкен" компьютерлік қуаттарды пайдалануға үмітті.

Бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден коронавирустың пайда болуы туралы есепті өзі білмейтін ақпарат болмаса толық жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Ақ үй коронавирустың таралуы ғылыми зертханадағы апатқа байланысты деген нұсқаны әлі жоққа шығармайтын хабарлаған болатын. Хабарламада АҚШ-тың барлау қауымдастығы вирустың пайда болуының екі нұсқасын - адамға жануардан берілу және зертханадан тарауы нұсқасын қарастыратыны жазылған. 90 күн ішінде барлау ақпаратты жинау мен талдауды екі есе күшейтіп, кейін президентті хабардар етуі керек. ҚХР-ның АҚШ-тағы елшілігі коронавирустың "зертханадан тарау" теориясын жала деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети