АҚШ-та өмір бойына сотталған ер адам Оңтүстік Каролина штатындағы қатаң тәртіптегі түрмеден қайшының көмегімен қашып шыққан, ал қайшыны оған квадрокоптер арқылы төбеден тастаған, - деп хабарлайды TJournal баслымыа FoxNews агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметі бойынша, Джимми Коси заңгерді отбасымен бірге кепілге алып, ақша талап еткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. 48 жастағы қылмыскер Риджвилла түрмесінде отырған. Оның 4 шілде сағат 20:00-де қашып кеткені келесі күні ғана белгілі болған.
Коси өз бойындай тұлып жасап, оны төсекке жатқызып кеткен. Сосын оған дрон арқылы тістеуік жеткізген, тістеуік көмегімен ол бірнеше қоршаудан өткен.
Косиға тырнақ алуға арналған тістеуікті кім жеткізгені белгісіз. Енді бір болжам бойынша сотталушы ұялы телефон арқылы дронды өзі ұшырған болуы мүмкін.
7 шілдеде полиция қашқынды Техас штатындағы қонақүйлердің бірінен ұстаған. Ол түрмеден екі мың шақырым жер алшақтап үлгерген екен. Ер адамнан 4 телефон, 48 мың доллар, тапанша мен мылтық тәркіленген.
Бұл Косидің бірінші рет қашуы емес. 2005 жылы ол қоқыс шығаратын көлікке жасырынған, алайда, полиция оны үш күннен кейін ұстаған болатын.