Вашингтон қаласының маңында ер адам бір топ адамға оқ атты. Олардың арасында Республикашыл фракциясының координаторы Стив Скализ және басқа да конгрессмендер болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Вашингтон қаласының маңында ер адам бір топ адамға оқ атты. Олардың арасында Республикашыл фракциясының координаторы Стив Скализ және басқа да конгрессмендер болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Скализдің жамбасына оқ тигені белгілі болды. Осы шабуылдан кем дегенде бес адам зардап шекті", - деді Мо Брукс CNN арнасына тікелей эфирден. Полиция күдіктіні ұстады. Скализдің жағдайы бір қалыпты екені хабарланды.
Шабуыл Виргинияда палата өкілдерінің мерекелік шарасында болды. Осы кезде Скализ бен оның көмекшілері бейсбол алаңында жаттығу жасап жатқан. Брукстың айтуынша, оқиға орнында республикашыл Брэд Венструп, дәрігер, ол барлық жараланғандарға көмектескенін айтады. Сонымен қатар, Брукстың айтуынша, медициналық көмек конгрессмен Гэри Палмерге де қажет болған.
© twitter.com/ricklarios
Қылмыскер шамамен 50-100 оқ атқан. Осы шабуыл туралы ел президенті Дональд Трампқа хабарланды.
© twitter.com/news965wdbo
"Мен өзімді Иракта жүргендей сезіндім, бірақ қолымда қару жоқ", - деді Брэд Венструп.
Стив Скализ. © foxnews.com