АҚШ-та ер адам одан бірнеше рет маска тағуын сұраған аспазға оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та ер адам одан бірнеше рет маска тағуын сұраған аспазға оқ атқан © REUTERS

Колорадо штатындағы Аврора қаласында ер адам одан бірнеше рет маска тағуын сұраған аспазды атып жіберген, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Колорадо штатындағы Аврора қаласында ер адам одан бірнеше рет маска тағуын сұраған аспазды атып жіберген, - деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға Waffle House желілік кафелерінің бірінде алдыңғы аптада болған. Кафе қызметкерлерінің айтуынша, ер адам 14 мамырға қараған түні келген. Даяшы 27 жастағы Келвин Уотсонға егер ол маска тақпаса оған коронавирус пандемиясына байланысты қызмет көрсете алмайтынын жеткізген. Кафе тек жеткізу қызметі бойынша жұмыс істеген. 

Уотсон кафеден шығып, артынша маскамен келген. Алайда оны тақпай қойған. Кафе қызметкерлері ережеге байланысты оның тапсырысын қабылдай алмайтындарын айтқан. Ер адам тапаншаны алып, аспаздың "миын шашып жіберетінін" айтқан. 

Келесі күні Уотсон қайтып келіп аспазды соққыға жыққан. Полиция хаттамасына сәйкес, аспаз қашып кетпек болған кезде ер адам оқ атып, оның кеуде тұсына немесе ішіне тиген. Аспаз бірден ауруханаға жеткізілген. Кафе қызметкері жеңіл жарақат алғандықтан сол күні ауруханадан шыққан, қазір үйінде ем алып жатыр екен. Полиция қызметкерлері Уотсонды адам өлтіруге оқталғаны үшін қамаған. 

Еске салайық, АҚШ дүние жүзі бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны бойынша бірінші орында тұр: жалпы 1 570 583 адам анықталған. Оның 360 180-і аурудан айығып шықса, 93 мыңнан аса адам қайтыс болған.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети