АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Илон Маскты Таиландтағы үңгірде су астында қалған балаларды құтқарған ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансуортқа жала жапты деген күдікпен соттап жатыр. Кәсіпкер оны педофил деп атаған еді, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Илон Маскты Таиландтағы үңгірде су астында қалған балаларды құтқарған ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансуортқа жала жапты деген күдікпен соттап жатыр. Кәсіпкер оны педофил деп атаған еді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сотта Илон Маск өз сөзінде оны педофил деп айыптамағанын жеткізді. SpaceX басшысының адвокаты Алекс Спайро бұл жерде "нақты бір дерек туралы емес, тек тіл тигізу" екенін түсіндірді. Өз кезегінде екінші тарап, Масктың танымал адам екенін алға тартып, оның сөздері ел арасында айтарлықтай салмағы барын мәлімдеді.
Сот отырысы 4 желтоқсанда өтеді, онда Маск жауап беретін болады.
Вернон Ансуорт 2018 жылы маусымда Таиландта 12 бала мен жаттықтырушыны құтқару операциясына қатысқан. Ол балалардың қайда екенін тауып, команда жасақтап, құтқарған. Маск және SpaceX компаниясы Таиландқа дайверлерге көмек ретінде өздерінің жасаған кішігірім суасты қайығын жіберген. Ансуорт сұхбат беру кезінде құрылғыны қолдану мүмкін еместігін айтып, бұл Масктың PR-трюгі екенін және "суасты кемесін бір жеріне тығып қоюын" айтқан болатын.
Осыдан кейін Маск бірнеше рет дайверді педофил және балалар зорлықшысы деп атаған. Журналистерге жіберген хатында ол Ансуорттың Таиландта кәмелетке толмаған қызға үйлену үшін әдейі қалғанын айтқан. Маск сынға қалып, Twitter-де жазған жазбалаларын өшіріп тастап, эмоцияға берілгенін айтқан. Алайда Ансуорт оны сотқа беріп, өзі туралы айтылған сөздерді жоққа шығаруын талап етіп, моральдық шығын ретінде 75 мың доллар сұраған.