07 сәуір 2015 | 10:26

АҚШ-та "Ислам мемлекетімен" байланысы бар деген күдікті қазақстандықтың сыбайласы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© exzk.ru © exzk.ru

АҚШ билігі "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымымен байланысы бар деп айыпталған ТМД елдерінен шыққан төртінші азаматтың ұсталғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, бұған дейін осы іске қатысты қазақстандық Ахрор Сейдахметов пен Өзбекстанның екі азаматы Абдурасул Журабоев пен Арор Хабибов ұсталған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ билігі "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымымен байланысы бар деп айыпталған ТМД елдерінен шыққан төртінші азаматтың ұсталғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, бұған дейін осы іске қатысты қазақстандық Ахрор Сейдахметов пен Өзбекстанның екі азаматы Абдурасул Журабоев пен Арор Хабибов ұсталған болатын.

Нью-Йорк (Бруклин) шығыс округі федералдық сотының мәліметінше, ИМ-ге қолдау көрсетті деп айыпталған төртінші азаматтың есімі Дилхайот Қасымов. Ол АҚШ-та тұратындарды ИМ үшін шетелге шығып күресу үшін келісім жасап, қаржы жинады деп айыпталып отыр. Сонымен қатар, ол Сейдахметов үшін ақша жинаған. Сондай-ақ, Хабибовпен бірге жұмыс істеген. Екеуі бірігіп 1600 доллар жинапты Дәл осы соманы полицейлер Сейдахметовті ұстау кезінде тапты. Қасымов құқық қорғау органдарына Сейдахметовке ақшаны бергенін және оның Сирияға ИМ ұйымына қосылу үшін баратынын білгенін мойындады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 19 жастағы азаматының АҚШ-та "Ислам мемлекеті" террорлық тобын қолдау мақсатында сөз байланысты және аталған ұйымға Сирияда қосылуға және лаңкестік әзірлеуге ниеттенді деген айыппен тұтқындалғаны хабарланған еді. Ахрор Сейдахметов Нью-Йоркте Кеннеди атындағы әуежайда Стамбұл бағытындағы рейске отырарда ұсталған. Сейдахметовтің сыбайластары - Өзбекстан азаматтары - 24 жастағы Абдурасул Джурабоев пен 30 жастағы Аброр Хабибов та тұтқындалды.

Джурабоев 2014 жылдың тамызында өзбек тілінде "Ислам мемлекетін" қолдайтын жазба жариялағаннан кейін құқық қорғау органдарының көзіне түсті. Тергеушілер Джурабоев пен Сейдахметовтің Түркия арқылы Сирияға барып, "Ислам мемлекетіне" қосылмақ болғанын анықтады. Федералдық тергеу бюросының мәліметінше, Джурабоев лаңкестік ұйымның бұйрығы бойынша АҚШ-та террорлық әрекет жасауға әзір болған. Ол АҚШ президентін өлтіруді ұсынған, ал Сейдахметов автомат сатып алып, полицейлер мен ФТБ агенттерін атуды ойластырған. Айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети