10 желтоқсан 2021 12:23

АҚШ-та жасөспірімдерге вакцинаның 3-дозасын салуға рұқсат етілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-та 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының үшінші дозасын егуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-та 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының үшінші дозасын егуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Шешім FDA-ның иммундық жауап туралы талдауына негізделген, бұл талдау 18 жастан асқан адамдарда вакцинаның үшінші дозасын қолдану тиімді екенін растаған.

©REUTERS

Енді АҚШ-та 16-17 жас аралығындағы адамдар үшін вакцинаның алғашқы курсынан кейін кем дегенде алты ай өткен соң қосымша вакцинацияға рұқсат етіледі.

"Вкцинация және ревакцинация критерийлерге сәйкес болған кезде, бетперде тағу, көп адам жиналған жерден аулақ болу сияқты алдын-алу шараларымен қатар, коронавирусқа қарсы күрестің ең тиімді әдісі болып қала береді", - деді FDA комиссарының міндетін атқарушы Джанет Вудкок.

19 қарашада АҚШ федерал реттеушісі 65 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ 18-64 жас аралығындағы адамдарға COVID-19 созылмалы аурулары бар адамдарға және кәсіби қызметі вирус жұқтыру қаупін арттыратын адамдарға қосымша, үшінші дозаны алуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети