АҚШ-тың Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі қирады. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
АҚШ-тың Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі қирады. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
Көпір Майамидің оңтүстік-батысында Халықарадық университеттің кампусы маңында орналасқан.
БАҚ мәліметінше, салмағы 950 тонна болатын көпірдің астында бірнеше көлік қалып қалған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Басылымның мәліметінше, көпір инновациялық технологиялармен жасалып, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына қауіпсіздікті кепіл етуі тиіс болған. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың басында аяқталады деп жоспарланып отыр.