22 қараша 2021 | 15:51

АҚШ-та жол талғамайтын көлік шерушілерді қағып кетті: оқиғаның мән-жай айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Висконсин штатының Уокеша қаласында Рождество шеруі кезінде жол талғамайтын көлік бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 40-тан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Висконсин штатының Уокеша қаласында Рождество шеруі кезінде жол талғамайтын көлік бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 40-тан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция басшысы Дэн Томпсонның айтуынша, тергеуге күдікті адам ұсталған. Бұл ретте әңгіме көлік жүргізушісіне қатысты екені айтылмады. Көлік оқиғадан кейін Милуокиден батысқа қарай 32 шақырым жерде табылған.

"Әзірге бес адам қайтыс болғанын және 40-тан аса адам жараланғанын растай аламыз. Дегенмен, бұл сандар қосымша ақпарат жиналған сайын өзгеруі мүмкін", - делінген Уокешо полиция департаменті өкілі мәлімдемесінде.

АҚШ-тың Федерал тергеу бюросы (ФБР) оқиғаны тергеуге қосылды.

Зардап шеккендердің бәрі Ризашылық күні қарсаңында Уокешода өтетін дәстүрлі Рождество шеруіне қатысушылар екені көрсетілген. Зардап шеккендердің кем дегенде 12-сі кәмелетке толмағандар. Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік 9 бен 15 жас аралығындағы қыздардан құралған би командасын қағып кеткен. Сонымен қатар, құрбандар арасында діни қызметкерлердің бірі, жергілікті шіркеу мектебінің оқушылары бар.

Тергеудің алғашқы нәтижелерімен таныс құқық қорғау органының қызметкері CBS News-ке күдікті басқа қылмыс орнынан қашып келе жатқанға ұқсайтынын және оқиға әлі теракт деп саналмайтынын айтты.

Билік күдіктілердің ешқайсысының аты-жөнін жарияламады, бірақ желіде жол талғамайтын көлік жүргізушісінің суреті тарады, оны бірнеше дереккөз 30-дардағы қара нәсілді Даррелл Э.Брукс деген. Ол екі күн бұрын Милуоки округіндегі түрмеден 1000 доллар кепілдікке босатылған. Дегенмен бұл ақпарат әлі нақтыланбаған.

Ақ үй өкілі АҚШ президенті Джо Байден бұл оқиғадан хабардар болғанын айтты.

"Ақ үй Уокешодағы жағдайды мұқият қадағалайды және қорқынышты оқиғадан зардап шеккендердің бәріне шын жүректен көңіл айтамыз. Біз штаттық және жергілікті шенеуніктерге кез келген қолдау мен көмек көрсету үшін хабарластық", - деді әкімшілік өкілі Джо Байден.

Еске салайық, АҚШ-тың Уокешо қаласында Рождество шеруі кезінде жол талғамайтын көлік бір топ адамды асқан жылдамдықпен қағып өткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети