20 мамыр 2020 12:47

АҚШ-та карантин кезінде ашылған шіркеулерде COVID-19 анықталып, қайтадан жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

АҚШ-та жергілікті билік рұқсат бергеннен кейін ашылған екі шіркеу қайтадан коронавирус тарауына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


АҚШ-та жергілікті билік рұқсат бергеннен кейін ашылған екі шіркеу қайтадан коронавирус тарауына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Портал мәліметінше, ек шіркеу де ашылар алдында сақтық шараларын сақтаған: келушілер қорғаныш заттарын пайдаланып, бір-бірінен алшақ отырған. Алайда екі шіркеуде де коронавирус қайтадан анықталған: Джорджияда COVID-19 жұқтырғандардың саны белгісіз болса, Техаста бес шіркеу қызметкерінен вирус анықталған. Одан бөлек, шіркеу басшысы, пастор Доннел Киршнер қайтыс болған. Мамырдың ортасынан бастап екі шіркеу де қайтадан жабылуға шешім қабылдаған. 

Жалпы АҚШ-тағы шіркеулер әуел бастан тыйым салу шараларына қарсы болған: олардың сөзінше, бұл азаматтардың діни еркіндігін шектейді. 

Еске салайық, АҚШ дүние жүзі бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны бойынша бірінші орында тұр: жалпы 1 570 583 адам анықталған. Оның 360 180-і аурудан айығып шықса, 93 мыңнан аса адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети