АҚШ-та конгрессменге шабуыл жасалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та конгрессменге шабуыл жасалды

Пышақ ұстаған белгісіз ер адам республикашыл конгрессмен Ли Зельдинге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пышақ ұстаған белгісіз ер адам республикашыл конгрессмен Ли Зельдинге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, конгрессмен кепілдікке босату жүйесін реформалау туралы сөз сөйлеп жатқан кезде бір адам сахнаға шығып, онымен алыса жөнелген. Кейін пышақ алып шыққан.

"Басқалар шабуылдаушыны құлатқанша, Зельдин оны тоқтату үшін білегінен ұстап алды. Құқық қорғау органдары ер адамды қамауға алды", - деді Зельдиннің баспасөз өкілі Кэти Винценц.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Конгрессмен зардап шекпеді. Шабуылдан кейін көп ұзамай сахнаға оралды. Оқиға Нью-Йорк штатының Перинтон қаласында болған.

Зельдин - Нью-Йорк штатындағы республикалықтардың атынан губернаторлыққа үміткер. Ол 2015 жылдан бері өкілдер палатасында Нью-Йорктің бірінші округінің атынан шықты. Конгрессмен АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты қатты жақтайды және 2020 жылғы сайлау нәтижелерін куәландыруға қарсы дауыс берді. Армияның запастағы подполковнигі 2002 жылдан бері Нью-Йоркте сайланған алғашқы республикалық губернатор болуға үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети