АҚШ-та көпқабатты үй құлап, 99 адам табылмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майами (Флорида) аумағына кіретін Сурфсайд қаласында көпқабатты үй құлады. Жергілікті Local 10 телеарнасының мәліметінше, жүзге жуық адамның тағдыры белгісіз болып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майами (Флорида) аумағына кіретін Сурфсайд қаласында көпқабатты үй құлады. Жергілікті Local 10 телеарнасының мәліметінше, жүзге жуық адамның тағдыры белгісіз болып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғимаратта 130 пәтердің жартысына жуығы қираған. Төтенше жағдай орнына 80-нен аса құтқару тобы жіберілді.

Майами-Дейд полициясының директоры Фредди Рамирестің айтуынша, полиция 53 тұрғынмен байланыс орнатқан, бірақ тағы 99 адам із-түзсіз қалып отыр. Ассошиэйтед Пресс агенттігі бұл аймақта ресейлік иммигранттар мен ортодоксиялық еврейлердің отбасы тұратынын атап өтті. Агенттік хабарына қарағанда, апат кезінде жоғалған 99 адамның 22-сі Латын Америкасы елдерінен.

Жергілікті БАҚ-тың кейінгі мәліметі бойынша, үш адам қаза тауып, кем дегенде тоғыз адам жараланған. Қазір 40-қа жуық адам құтқарылғаны белгілі.

Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Лавин Кава төтенше жағдай туралы қаулыға қол қойды, ол қажетті федералдық ресурстар алуға көмектеседі. Мэр апат себебін тексеруге инженерлер жұмылғанын айтты, әзірше үй неге құлағаны белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети