Огайо штатында тоғыз орынды Hawker H25 ұшағы көппәтерлі үйге соғылды, - деп хабарлайды Lenta.ru Associated Pressсо басылымына сілтеме жасап.
Огайо штатында тоғыз орынды Hawker H25 ұшағы көппәтерлі үйге соғылды, - деп хабарлайды Lenta.ru Associated Pressсо басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Экрон қаласында 10 қараша күні болған. Бизнес-джет құлап келе жатып жарық өткізу желісінің сымдарын үзіп, тұрғын үйге соғылған.
"Әуе кемесінен от шығып, соқтығыстан кейін бөлшектеніп кетті. Оқиға кезінде үйде ешкім болмаған, алайда оның алдыңғы жағы қирап, өртеніп кетті", - делінген жарияланымда.
Куәгерлердің айтуынша, ұшақ құлаған кезде болған жарылыс алыстағылардың өзіне естілген. Айта кетейік, апаттан нақты қанша адамның қаза тапқаны әзірше белгісіз, алайда ұшақ бортында болған адамдардың ең кемі екеуі қайтыс болды.