АҚШ-та коронавирусқа қарсы 4 вакцина мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та коронавирусқа қарсы 4 вакцина мақұлданды Фото: pixabay.com

АҚШ тағам өнімдері және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы (FDA) коронавирус инфекциясына қарсы төрт вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ тағам өнімдері және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы (FDA) коронавирус инфекциясына қарсы төрт вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Төрт вакцина клиникалық сынақтан өткізу үшін мақұлданды... Тағы алты вакцина қарастырылып жатыр", - деді ведомствоның басшысы Стивен Хан баспасөз конференциясында.

АҚШ әкімшілігі мамыр айында Денсаулық сақтау министрлігі мен Пентагонның бірлескен жобасын - Warp Speed операциясын бастады. Оның мақсаты - 2021 жылдың қаңтарына дейін COVID-19-дан вакцинаның 300 миллион дозасын өндіру.

АҚШ-та маусым айында коронавирусқа байланысты шектеулерге қарсы жаппай наразылық шараларынан кейін COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсті. 

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне қарағанда, АҚШ-та коронавирус жұқтырған 2,6 миллион жағдай тіркелген. 126 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Ал Испания бірнеше айдан кейін воронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді көздеп отыр. Елдің ғылым министрі Педро Дуке вакцина әзірлеу жұмыстары жақсы жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Жапонияда COVID-19-ға қарсы вакцинаны адамға салып, сынап көріп жатыр. ДНҚ-вакцинасын әзірлеген AnGes, Inc. компаниясы әр қайсында 30 еріктіден құралған екі топты клиникалық сынақтан өткізуді бастап кетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети