АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина тәжірибеден сәтті өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина тәжірибеден сәтті өтті

АҚШ-тың және Оксфордтың денсаулық институтының молекулалық биологтары мен медицина қызметкерлері ChAdOx1-nCoV-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірледі. Макакаларға жүргізілген тәжірибе сәтті аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Колд-Спринг-Харбор зертханасының сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар тәжірибені алдымен тышқандарға жүргізгеннен кейін, артынша адамға тән коронавирус белгілері байқалған бенгал макакаларын сынақтан өткізген. Алдымен ғалымдар алты маймылға вирус біршама бөлігін салып, иммунитеттің пайда болуын күткен. Сосын зерттеушілер жануарларға шынайы коронавирусты жұқтыруға тырысқан. 

"Бір рет салынған ChAdOx1 nCoV-19 вакцинасы маймылдарда гуморалдық және жасушалы иммунитеттің пайда болуына әкелген. Біз вакцина салынған, SARS-CoV-2 жұқтырған жануарларда вирус жүктемесі азайғанын байқадық. Вакцина салынған жануарларда пневмония анықталмады", - дейді мамандар. 

Мамандардың айтуынша, бүгінде әзірленген вакцина клиникалық сынаманың бірінші деңгейін өтіп жатыр. 

"ChAdOx1 nCoV-19 әзірше клиникалық сынаманың бірінші деңгейінде", - дейді зерттеушілер. 

Zn.ua мәліметінше, клиникалық сынамаларға еріктілер 23 сәуірден бастап қатыса бастаған. 13 мамырдағы жағдай бойынша, Ұлыбританияда мыңдаған адам қатысқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети