03 қыркүйек 2020 16:34

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаны таратуға дайындық басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) федералды денсаулық сақтау органдарынан коронавирусқа қарсы вакцинаны халыққа таратуға дайындалуды сұрады, - деп хабарлайды Reuters.


АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) федералды денсаулық сақтау органдарынан коронавирусқа қарсы вакцинаны халыққа таратуға дайындалуды сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

Орталықтың хабарлауынша, вакцинацияны COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары топтардан, оның ішінде медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлерінен бастау жоспарланып отыр.

"Дозалардың нақты саны қазан немесе қарашаға дейін дайын болған жағдайда, федералды органдарға әр штатта вакциналарды тарату жоспарын әзірлеу бұйырылды", - деді орталық өкілі.

АҚШ-тағы жұқпалы аурулар жөніндегі бас сарапшы Энтони Фаучи бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина сынамасына қатысқан науқастардың санына сүйене отырып, қараша немесе желтоқсанға дейін қай вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсететін клиникалық дәлелдер жеткілікті болуы мүмкін деп айтқан болатын.

New York Times жариялаған құжатта CDC қазанның соңына дейін вакцинаны шектеулі мөлшерде қолдануға дайындалып жатқаны айтылады.

Құжатта минус 70 және минус 20 градус температурада сақталатын екі вакцина туралы жазылған. Агенттіктің хабарлауынша, бұл сақтау талаптары Pfizer және Moderna вакциналарының профильдеріне сәйкес келеді.

Сонымен қатар, CDC директоры Роберт Редфилд штат губернаторларынан 1 қарашадан бастап толықтай жұмыс істей алатын вакцина тарату орталықтарының құрылысын тездетуді сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети