14 маусым 2021 | 09:22

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылады

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

АҚШ-тағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) америкалық Johnson & Johnson коронавирусқа қарыс вакцина өндірушісінің Балтимор зауытындағы қателігіне байланысты препараттың 60 миллион дозасын жоюы керегін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) америкалық Johnson & Johnson коронавирусқа қарыс вакцина өндірушісінің Балтимор зауытындағы қателігіне байланысты препараттың 60 миллион дозасын жоюы керегін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

FDA мәліметі бойынша, вакцинаның бірнеше партиясы жұқпалы болуы мүмкін, сондықтан қолдануға жарамсыз. Ұйымның бұйрығымен Johnson & Johnson вакцина шығаратын Emergent BioSolutions компаниясы өндірісті тоқтатқан. Өйткені препараттың компоненттері AstraZeneca вакцинасымен араласып кеткен.

Johnson & Johnson вакцинасының қауіпсіздігі туралы ақпарат АҚШ-та вакцинацияға сұранысты төмендетіп, бір реттік жаппай вакцина салуды баяулатты. АҚШ-та өндірілген 21 миллион дозаның жартысына жуығы қолданылмай қалған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта FDA Балтиморда шығарылған AstraZeneca-ның миллиондаған дозасын тексеріп жатыр. Оның он миллионы қолдануға жарамды болды.

Бұл ақпараттан кейін Канада Балтиморда өндірілген Johnson & Johnson вакцинасының 300 мың дозасын пайдаланудан бас тартатынын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ Johnson & Johnson әзірлеген препаратпен вакцинацияны тоқтата тұруды ұсынған болатын. Кейін бірқатар Еуропа елі америкалық вакцинаны қолдануды тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная