АҚШ-тың Миннесота штатының қала маңында орналасқан мешіт жанында жарылыс болды, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ-тың Миннесота штатының қала маңында орналасқан мешіт жанында жарылыс болды, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Блумингтон қаласында болды. Тергеу шараларымен ФТБ және ATF ұйымы айналысып жатыр.
Жарылыстың не себепті болғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жарылғыш затты мешітке терезеден кіргізген. Дін қызметкері Асад Заманның айтуынша, жарылғыш затты жүк көлігінің терезесінен лақтырған болуы мүмкін. Ұйым қандайда бір мәлімет берген адамға он мың доллар сыйақы беретіндерін мәлімдеді.
Жарылыс болған уақытта мешіттің ішінде 15-20 адам болған.