Сан-Франциско қаласында ұялы телефонымен әйгілі Pokemon Go ойынын ойнап жүрген студентті белгісіз біреу атып өлтірді, - деп хабарлайды "Газета.Ru".
Сан-Франциско қаласында ұялы телефонымен әйгілі Pokemon Go ойынын ойнап жүрген студентті белгісіз біреу атып өлтірді, - деп хабарлайды "Газета.Ru".
Ер адам аквапаркте болған. Оған артынан белгісіз біреу оқ атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр және қылмыскердің не себепті мұндай қылмысқа барғанын анықтау үстінде.
"Шынайы элементтермен толықтырылған Pokémon Go ойынының танымалдылығы АҚШ полицейлерінің назарын аударды. Енді олар бұл ойынның көмегімен қылмыскерлерді ұстамақ", - деп жазады The Guardian.
Смитфилдтің полиция департаменті Facebook желісіндегі парақшасында кездейсоқ азаматтарды арнайы жабдықталған бөлмеде аса сирек покемон саналатын Диттоны ұстауға шақырған. Айта кетейік, Дитто покемонын әлі ешкім аулай алмаған, алайда полиция үшін маңыздысы бұл емес, маңыздысы - барлық кездейсоқ азаматтың тұтқындалуына арнайы рұқсатнамалардың болуы. Смитфилд полиция департаментінің Facebook желісіндегі парақшасының әкімшісі сержант Брайан Миллер ойынды әсерлі ету үшін тұтқындауға тиесілі азаматтардың тізімін жасамақ болғанын айтады.
Бүгінде әлемді "жаулаған" Pokemon Go ойынын еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнайды. Белсенді қолданушылар саны жағынан бұл ойын "Твиттер" мен "Тиндер" алпауыттарын басып озды.