АҚШ-та полицейлер жаралаған афроамерикалық сал болып қалды - БАҚ

Фото ©REUTERS

Висконсин штатында полицейлер оқып атып, ауруханада жатқан афроамерикалық Джейкоб Блэйк сал болып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Висконсин штатында полицейлер оқып атып, ауруханада жатқан афроамерикалық Джейкоб Блэйк сал болып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

29 жастағы Джейкоб Блэйк сегіз жерден жараланған және белден төмен қарай жансыз болып қалды. Бұл туралы оның әкесі айтқан. Дәрігерлер жарақат салдарын жоюға бола ма, жоқ па білмейді.

"Бұл атыстардың бәрін не ақтай алады? Полицейлер мұны немерелерімнің көз алдында істегенін кім ақтай алады? Не істеп жүрміз?" - деді Блэйктің әкесі. 

Реклама
Реклама

Ол баласының "адал" және "жомарт", әрдайым көмек қолын созатын жанашыр жан екенін айтты.

Еске салайық, Кенош қаласында полицейлер жанжалдасқан екі әйелді ажыратқысы келген афроамерикалық Джейкоб Блэйктің арқасынан оқ атты. Полицейлер оған қарсы электршок пайдаланған және содан кейін атқан. Жағдайы ауыр күйде ауруханаға жеткізілген.

Висконсин штатының бас прокуратурасы оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жағдайға қатысы бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізуге көмектесіп жатыр.

Сондай-ақ, кеше Кенош қаласында жаппай тәртіпсіздік болып жатқаны хабарланды. Висконсин штатының губернаторы қалаға ұлттық гвардия әскерін кіргізген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама