25 тамыз 2020 16:16

Америкадағы тәртіпсіздік: штатқа ұлттық гвардия келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Кенош қаласында жаппай тәртіпсіздік болып жатыр. Висконсин штатының губернаторы қалаға ұлттық гвардия әскерін кіргізді, - деп хабарлайды Reuters.


Кенош қаласында жаппай тәртіпсіздік болып жатыр. Висконсин штатының губернаторы қалаға ұлттық гвардия әскерін кіргізді, - деп хабарлайды Reuters.

Қала билігі ойран салып жатқан наразылық шараларына қатысушыларды тоқтату үшін ұлттық гвардия әскерін кіргізуді өтінген. Бұл туралы АҚШ билігі хабарлады.

Фото ©REUTERS

Ұлттық гвардия әскері келетіні туралы естіген наразы жұрт қала мэриясының алдына жиналып, афроамерикалық Джейкоб Блэйктің атысына қатысқан офицерлерді тұтқындауды талап еткен. 

Сондай-ақ тұрғындар әлі комендант сағатын елемей, түн жарымнан кейін сот ғимаратының алдына жиналған. Полицейлерге су құйылған бөтелке лақтырған.

Айта кетейік, Кенош қаласында полицейлер Джейкоб Блэйктің арқасына жақын жерден оқ атқан болатын. Содан кейін жаппай наразылық шаралары басталды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ер адам жанжалдасып тұрған екі әйелді ажыратпақ болған.

Куәгерлердің видеосынан Блэйк көлігінің қасына келгенін көруге болады. Содан кейін артынан екі офицер келеді де жеті рет атылған оқтың дауысы естіледі.

Агенттіктің мәліметінше, Блэйкке ота жасалған және оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети