Флорида полициясы мектеп қабырғасында аутизммен ауыратын он жастағы баланың қолына кісен салды, - деп хабарлайды Washington Post газеті.
Флорида полициясы мектеп қабырғасында аутизммен ауыратын он жастағы баланың қолына кісен салды, - деп хабарлайды Washington Post газеті.
Полицияның мәліметінше, оны ұстауға баланың агрессиялық әрекеті түрткі болған. 2016 жылы қазанда Джон Бенджамин Хейгуд оған сабақ беріп жүрген мұғалімді ұрып жіберген, содан кейін сабаққа келуді қойған. 12 сәуірде баланы мектепке жалпыға бірдей емтихан тапсыру үшін шақырған, сол жерде жәбірленуші мұғалім баланы көріп, полиция шақырған.
Хейгудтың анасы полицейлердің баласына кісен салып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Ол да баласымен бірге полиция бөлімшесіне бармақшы болған, алайда оған рұқсат бермеген. Баланың анасы полицейлерге ұлының аутизммен ауыратынын және қатты қорқып қалғанын айтқан. Газеттің мәліметінше, бала бір түн бойы қамауда отырған.