АҚШ-та шағын ұшақ құлады - бортта алты адам болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та шағын ұшақ құлады - бортта алты адам болған

Филадельфияда шағын санитарлық Learjet 55 ұшағы апатқа ұшырады. Ол сауда орталығының автотұрағына құлады. Ұшақ бортында алты адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филадельфияда шағын санитарлық Learjet 55 ұшағы апатқа ұшырады. Ол сауда орталығының автотұрағына құлады. Ұшақ бортында алты адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS-ке сілтеме жасап.

Learjet 55 медициналық ұшағы Филадельфиядан Миссури штатының Спрингфилд қаласына бағыт алған. Ол Northeast Philadelphia Airport әуежайынан ұшып шыққаннан бірнеше минут өткен соң халық тығыз қоныстанған ауданда, Roosevelt Mall сауда орталығының автотұрағына құлаған.

АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, апат кезінде бортта алты адам – төрт экипаж мүшесі, науқас бала және оның қамқоршысы болған.

Компания өкілдері: "Қазіргі уақытта аман қалғандар туралы ақпаратты растай алмаймыз", – деп мәлімдеді.

Жерде де бірнеше адам зардап шеккен. Қалалық билік өкілі ұшақ сынықтары бірнеше үй мен көліктерге түсіп, өрт шыққанын хабарлады.

Еске салайық, 2025 жылы 30 қаңтарда АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлағаны хабарланды.

Кейінірек Потомак өзеніне құлаған ұшақ бортында 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети